Аймақ жаңалықтары

«Жырлаймын сені, Астана!» облыстық ақындар мүшәйрасы

Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы 2017 жылдың 6 шілде күні мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру және насихаттау мақсатында «Жырлаймын сені, Астана!» облыстық ақындар мүшәйрасын Астана күні мерекесіне орайөткізді.

Байқау шарттары:

Байқауға қатысушы ақын ұсынылған 3 (үш) тақырыпта өз туындысын жолдайды:

1)  Астанаға арнау;

2)  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында (Елбасы  Н. Ә. Назарбаевтың мақаласы аясында);

3)  Еркін тақырыпта.

Қатысушы үміткердің шығармасы бұрын ешбір жерде жарияланбаған болуы керек.Бұрын жарық көрген немесе мерзiмiнен кешiккен шығармалар мүшәйраға қатыстырылмайды.

Байқауға облыс аумағындағы 20-45 жас аралығындағы 21 үміткер

қатысты.Байқау жабық түрде өткізілді.

Бас жүлде – Битимова Тамара, Жаңаөзен қаласы оқушылар шығармашылық үйінің оқу ісі меңгерушісі;

I – орын- Қосымбаев Зейнетулла, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

II – орын- Оңғарбаев Нұрсұлтан, Бейнеу ауданы Сам орта мектебінің музыка пәні мұғалімі;

III – орын- Ордабеков Мейрамбек, Маңғыстау ауданы, Жастар ресурстық орталығының қызметкері;

Ынталандыру – Аккаюва Маржан, Бейнеу ауданы Боранқұл орта мектебінің мұғалімі; Қонайұлы Нұртай, Қарақия ауданы Қарақия аудандық мәдениет үйінің қызметкері; Орынбасаров Азамат, Қарақия ауданы Жетібай кенті №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес, Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының дипломдарымен, алғысхаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Ақпараттық ресурстар