Аймақ жаңалықтары

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ – МАМАНДАРҒА МІНДЕТ

  10 тамыз күні Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінде «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша дөңгелек үстелінің отырысы өтті.

  Дөңгелек үстел отырысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті,  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақтау қалалық бөлімі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамының қызметкерлері және Маңғыстау облысының мемлекеттік архив қызметкерлері қатысты.

  Дөңгелек үстелде «Е-әкімдік» шлюзіндегі сұраныстардың қабылдау және орындау мерзімдерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес  реттелуі, қызмет алушыларға сұраныстардың уақытылы және сапалы қызметте орындалуы  жөніндегі мәселелер талқыланды. 

  Дөңгелек үстелдің жүрісі барысында «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өзекті сұрақтар талқыланып, сұрақтарға тұщымды жауаптар алынды. 


Ақпараттық ресурстар