• Басқы бет
  • Жаңалықтар
  • «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды

Аймақ жаңалықтары

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының  2017 жылғы бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес,  30 – тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 25 тамыз күні «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.

  Байқау өңіріміздегі мемлекеттік органдардың іс қағаздарын жүргізу саласында мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға бағытталған.

  Байқауды өткізудің мақсаттары – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру.

  Байқауда тиісті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 4 топ бақ сынасты.

  Байқау мынадай тапсырмалардан тұрды:

1)  «Сәлемдесу»: команда атауы мен ұраны.

2)  «Жер-судың аты – тарихтың хаты»:қатысушы топтар ұсынылған суреттің біреуін таңдап, суретте көрсетілген жерді анықтап, қысқаша тарихын айтып берулері тиіс.

3) «Қазақ сөзі»:

- мемлекеттік тіл туралы басталған қанатты сөздерді топтар аяқтайды;

    - тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы сұрақтарға жауап береді.

4) «Үй жұмысы»: «Мәңгілік Ел – Мәртебелі тіл» тақырыбында топтар музыкалық және театрландырылған қойылымдарды көрсетеді.

Байқау қорытындысы:

І орын – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «Маңғыстау маржандары» тобы ;

ІІ орын – ҚР қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаментінің «Қазына» тобы;

ІІІ орын – Бейнеу ауданының әкімдігінің «Қыран» тобы;

Ынталандыру – Түпқараған ауданының әкімдігінің «Тіл - дастан» тобы.

  Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

  Байқау жеңімпазы қыркүйек айында  Астана қаласында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.


Ақпараттық ресурстар