• Басқы бет
  • Жаңалықтар
  • «Көп тіл білу – заман талабы» республикалық полиглоттар форумы ұйымдастырылды

Аймақ жаңалықтары

«Көп тіл білу – заман талабы» республикалық полиглоттар форумы ұйымдастырылды

Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2017 жылғы бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күніне орай ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні «Көп тілді білу – заман талабы» республикалық полиглоттар форумы ұйымдастырылды.

Аталған шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат орденінің» және "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері Аслы Осман Алиқызы, ағылшын тілі оқулықтары мен тарихи-лингвистикалық ғылыми идеялардың авторы Александр Николаевич Драгункин арнайы келді. Сондай-ақ, шараға облыстағы Маңғыстау өңірінің бірнеше тілдерді меңгерген әр түрлі салада қызмет ететін жас полеглоттары тіл мамандары мен тіл жанашырлары, ардагерлер, этно-мәдени бірлестік өкілдері, мұғалімдер, оқушылар мен студенттер қатысты.

Тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тіл жанашырларына және көп тілді меңгерген жастарға облыс басшысының орынбасары Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы алғыс хаттарын табыстады. Одан әрі үш және одан көп тілді меңгерген жастардың жетістіктері насихатталды. Қонақтар көп тіл білу арқылы жеткен жетістіктерін көпшілікпен бөлісті. Қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде сөйледі. Үш тілде тәлім алып жатқан балабақша тәрбиелеушілері де өз үлестерін қосты.


Ақпараттық ресурстар