• Басқы бет
  • Басқарма
  • Ереже
  • "МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, МҰРАҒАТТАР МЕН ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ" ММ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

"МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, МҰРАҒАТТАР МЕН ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ" ММ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «16» сәуірдегі

№112 қаулысымен бекітілген

«Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1.  Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының аумағында тіл саясаты, мұрағат ісі және құжат жасау салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесімемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген  болса,  мемлекеттің  атынан  азаматтық-құқықтық   қатынастардың

тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен«Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау

облысы, 130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан, № 87 ғимарат.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление по развитию языков, архивов и документации Мангистауской области».

10. Осы Ереже «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы мемлекеттік тілді басым дамыта отырып, өңірде мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, Маңғыстау облысының аумағында мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды, есепке алуды, қорғауды және пайдалануды қамтамасыз ету  болып табылады.

14. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері: мемлекеттік органдардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және тілдердің қызмет аясы мен дамыту саласын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру  жөніндегі қызметін үйлестіру,Маңғыстау облысының аумағында мұрағат ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

15. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:

1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды  жүзеге асыру;

2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан

Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

3) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

4) өңірдегі тіл саясатының жай-күйіне мониторингін жүзеге асыру, «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

5) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен   құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік, ақпараттық-талдау материалдарын  әзірлеу және оларды тәжірибеде іске асырудың шараларын қабылдау;

6) тілдерді дамыту, мұрағат ісі және құжат жасау жөніндегі мәселелері бойынша өңірдегі мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, олардың қызметіне көмек көрсету;

7) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;

8) тіл саясаты мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

9) жұмыста жариялылықты қамтамасыз ету, тіл саясаты саласында Қазақстан Республикасының Заңының орындалуы жөніндегі істің жай-күйі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын үнемі хабардар ету;

10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлеу;

11) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

12) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

13) ақпарат желісін құру бойынша жұмыс жүргізу және облыстың мемлекеттік  мұрағаттарында сақталатын Ұлттық  мұрағат  қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;

14) Маңғыстау облысының тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинау және қайтару;

15) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;

16) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;

17) облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық – әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;

18) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;

19) электрондық құжат айналымы мен электрондық мұрағаттарды енгізу;

20) мемлекеттік мұрағат құжаттары көшірмелерінің сақтандыру қорын құру, автоматтандырылған мұрағат технологияларын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

21) облыстың мемлекеттік мұрағат желілерін кеңейту және оны басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын  іске асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

1) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан ақпаратты сұратуға;

2) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мпен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігіне, жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізуге;

3) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнаманың сақталуына тексеруді жүзеге асыруға;

4) ведомствосына қарасты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

5) мұрағаттардың жұмысы және құжат жасаудың жай-күйі мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

6) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;

7) мұрағат ісі мен құжат жасау саласында консультация алу, проблемаларды зерделеу және шешу үшін, сондай-ақ құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысуы үшін ғалымдарды, мамандарды және сарапшыларды тартуға;

8) белгіленген тәртіппен айрықша құнды және бірегей мұрағаттық құжаттарға қатыстылығын айқындауға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот органдарына талап арыздар беруге;

10) өз құзыреті шегінде ведомствосына қарасты ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыруға;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

17. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларын сақтауларын қамтамасыз етуге;

4) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3.  «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін айқындайды;

2) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу бойынша шаралар қолданады;

4) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді, бұйрықтар шығарады;

5) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін  бекітеді;

6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

8) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен  құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты  бақылайды;

9) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

10) «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

22. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде  оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын  тұлға орындайды.

23. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Алқа құрылады.

24. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанында:

1) құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастау бойынша құжаттардың құндылығына  мемлекеттік сараптама жүргізу үшін сараптау-тексеру комиссиясы;

2) мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің әдістемелік мәселелерін  қарау жөніндегі әдістемелік кеңес жұмыс істейді. 

25. Алқаны, сараптау-тексеру комиссиясын, әдістемелік кеңесті құру  мен құрамын өзгерту «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар  мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.

Сараптау - тексеру  комиссиясы  туралы  ереже  Маңғыстау  облысы

әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

Алқа, әдістемелік кеңес туралы ережелер «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

4.  «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту,

мұрағаттар мен құжаттама басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

26. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

27. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген  мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

28. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының  тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік   мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша  өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен  иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.  «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту,

мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін

қайта ұйымдастыру және тарату

30. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.

6.  Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

31. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

32. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1) «Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі;

2) «Жаңаөзен қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі;

3) «Бейнеу ауданының мемлекеттік мұрағаты»мемлекеттік мекемесі;

4) «Қарақия ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі;

5) «Маңғыстау ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі;

6) «Мұнайлы ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі;

7) «Түпқараған ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі;

8) «Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің Жеке құрам бойынша Ақтау филиалы.

Ақпараттық ресурстар