Басқарма қызметінің қорытындылары

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының

орындалу барысы

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы 2014-2016 жылдарға арналған Маңғыстау облысының іс – шаралар жоспарының 2014 жылдың қортындысы бойынша

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің  2011 жылғы 29 маусымдағы  № 110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Маңғыстау облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2014 – 2016 жылдарға арналған іс шаралар» жоспарлары  Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2014 жылы өз жұмысын 27 ақпандағы  облыс әкімдігінің №37 қаулысымен жасақталып, бекітілді.

Маңғыстау облысының тұрғыны – 593 903. Оның 88,6 пайызы қазақ ұлты, қалған 11,4 пайызы өзге этнос өкілдері. Өлкеміздегі ұлттық ерекшеліктер ескеріле отырып, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңіне негізделген бұл жоспарға 4 бағыттан тұратын келесі іс-шаралар атқарылуда.

І БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТ

Жоспардың «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінң басты факторы» атты бірінші мақсатын жүзеге асыру үшін 2014 жылдың І жартыжылдығында төмендегі ішаралар іске асырылды.

1. Облыстағы жексенбілік мектептер арқылы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін тегін оқытуды ұйымдастыру.

Аталған мақсатты орындау үшін алдымен облысымыздағы 20 этно-мәдени бірлестіктен  бүгінгі таңда 180 өзге ұлт өкілі қазақ тілін тегін оқып-үйренуде. 

Сонымен қатар, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жөніндегі «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп,  Ұлттық тестілеу орталығының қатысуымен 2014 жылдың 26-30 наурыз аралығында өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тестілеу өткізілді.

Тестілеуге облыс бойынша 1070 мемлекеттік қызметкер қатысты.

Нәтижесінде, 27 адам – қарапайым  деңгей (А1), 371 адам - базалық деңгей  (А2) , 461 адам – орта деңгей (В1), 208 - ортадан жоғары деңгейде (В2), 3 - жоғары деңгейді  (С1) көрсетті.

Келесі кезеңде деңгейге сәйкес сертификаттарды иемдену үшін сол деңгейдің сынағынан  өту ұсынылып отыр.

ІІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТ

Жоспардың «Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу» атты мақсатын іске асыруға сәйкес төмендегі міндеттер белгіленіп, тиісті шаралар ұйымдастырылды:

1. Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру;

2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру.

Аталған міндеттерді іске асыру үшін ең алдымен мемлекеттік тілде іс қағаздар жағдайына бақылау жүргізумен қатар мемлекеттік тілде құжат әзірлеуді тиісті деңгейде көтеру үшін оқу-әдістемелік көмек көрсетілді, себебі құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау жөнінде қатаң талап қойылуда.

Жыл сайын тіл заңнамасының орындалуына жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіледі. 

Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарындағы шығыс құжаттарының көрсеткіші І жартыжылдың қорытындысы бойынша  91,8 % -ды құрап отыр.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілді насихаттап, қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін жұртшылыққа кеңірек таныстыру ісіне облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары атсалысуда. Облыс бойынша барлық 35 бұқаралық ақпарат құралының 10 - қазақ, 6 - орыс 19- қазақ және өзге де тілдерде жарық көреді. 2013 жылы облыстық теледидардағы мемлекеттік тілде жүретін хабарлардың үлесі 85 пайызға жетіп отыр. 

Басқарманың ұйымдатыруымен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен оны дамыту, қазақстандық  рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатында облыстық мәдени-көпшілік шаралар, байқаулар  кездесулер және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы және басқа да тіл туралы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында және ономастика мәселесіне байланысты семинар-кеңес өтті.

23.01.2014 жылы  Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің мемлекеттік мекемелердегі көрінісі жөнінде мемлекеттік орган басшылары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырыста мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтар мен шешу жолдары сөз болды.

 05.03.2014 жылы  қазақ  поэзиясына жаңа көзқарас әкеліп, өзіндік дара даусымен ерте танылған  таланттардың бірі, нәзік те шыншыл, өн бойында өр рухтың жарқылы ойнаған, айналасында сәруар сезімнің самалы ескен ерекше әлемі бар ақын, бұл күнде аты алысқа жеткен  қоғам қайраткері, қарымды қаламгер, ұлы тұлға, өрлік пен ерліктен өрілген жалаугер поэзияның соңғы бір тұяғы - Фариза Оңғарсынованың 40 күндігі аясында Поэзия кеші өтті.

 Кештің  мақсаты - Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова шығармашылығын насихаттау арқылы ұлттың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың ықыласын арттыру  әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту, ұлы ақынның өшпес мұрасы арқылы жас ұрпақты білімге, ұлттық намысты ояту, адалдықты, шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болып табылады.

  Фариза ақын мәңгі қазақтың жүрегінде, қазақ қанша мәңгі жасаса, қазақтың Фаризасы да мәңгі жасайды. Оның поэзиядағы қолтаңбасы, өзі халық жүрегінде мәңгі сақталады.

  19.03.2014 жылы жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ және өзге ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихының дәстүрлерін сыйлауға баулу, білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, жас ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға қолғабыс ету, ұлы ақын Тарас Шевченконың шығармалары арқылы өнерлі жастарды таныту мақсатында Тарас Шевченконың 200 жылдығына арналған «Достық талын шанышқан ТАРАС еді» облыстық байқауы өтті.

Байқауға облысымыздағы 15-25 жас аралығындағы жалпы орта, орта-кәсіптік және жоғарғы оқу орындарының оқушылары, студенттері, оқытушылары қатысты.

10.04.2014 жылы қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары мен ономастика мәселесімен айналысатын мамандардың және БАҚ өкілдерінің  қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жергілікті жерлердегі ономастика саласындағы жұмыстарды реттеу және оларды тиісті заңнамалардағы қағидалар талаптарына сәйкестендіру мақсатында «Ономастика және оның мәселелері» атты облыстық семинар-кеңес өтті.

18.04.2014 жылы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XVІ республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. 

 Байқауға 16-20 жас аралығындағы талапкерлер қатысты.

 Облыстық байқаудың Бас жүлде иегері – Жаңаөзен қаласындағы «Мұнай және Газ» колледжінің студенті Бердоңғаров Мейірбек республикалық кезңіне жолдама алды.

14.05.2014 жылы тіл дайындығы жоғары, орыс тілі мен мәдениетін жақсы білетін дарынды жастарды анықтау және қолдау, орыс тілін үйренуге деген ынтасын арттыру  мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің VI республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Байқауға 14-22 жасаралығындағы 103 үміткер қатысуға ниет білдірді.

Нәтижесінде, Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының 10 сынып оқушысы Бисенова Маржан республикалық байқауға жолдама алды.

20.05.2014 жылы мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат  құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында  жыл сайын «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өткізіліп келеді.

Дәстүрге айналған биылғы байқауға қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті мақалалар (бағдарламалар) жариялаған ойы ұшқыр, қаламы қарымды 7  мерзімді басылым, телеарна тілшілері қатысты.

Басқармаға түскен құжаттарды білікті ардагер журналист, жазушы, ғалымдар тіл мәселесінің түйткілді тұстарын қағаз бетіне түсірген тілшілер мен телеарналарда мемлекеттік тілді насихаттап жүрген жүрзізушілердің еңбегін бағалап, жүйріктерді анықтады.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына Мұқанбеттула Кемер «үздік мақала» номинациясы бойынша, Жамбыл Махамбет пен Қаламқас Ерқожа «үздік телеарна бағдарламасы» номинациясы бойынша материалдар жолданды.

  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында  25 маусым күні Астана қаласында республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

  «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясы бойынша жерлесіміз Қаламқас Ерқожа алғыс хатпен марапатталды.

19.06.2014 жылы үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті нығайту мақсатындағы «Тіл шебері» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

ІІІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТ

Жоспардың «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті» атты үшінші мақсатты іске асыруға сәйкес төмендегі шаралар іске асырылуда:

1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;

2. Тіл мәдениетін жетілдіру.

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз ел болғаннан бері ономастика мәселесіне қатысты жұмыстар қайта қолға алынып келеді. Себебі, елдігіміз бен егемендігіміздің айнасы – жер-су атаулары болса, ол атаулардың құндылығын сақтап, қалпына келтіру баршамыздың басты міндетіміз. (10-кесте).

Аталған жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру үшін 2014 жылдың І жартыжылдығына облыстық ономастика комиссиясының жоспары бекітіліп үстіміздегі жылдың 2 сәуірінде  облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылға 1-ші отырысы өтті.

Күн тәртібінде

-  Ақтау қаласы «№ 7 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесіне Нәсіпқали Әбуғалиұлы Марабаевтың;

-  Ақтау қаласы Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына  Мұрын жырау Сеңгірбекұлының;

-  Түпқараған ауданы «Өнер және кәсіпке бағдарлау мектебіне» Мұрын жырау Сеңгірбекұлының;

-  Түпқараған ауданы «Шахта орта мектебіне» Кетебай Қиыновтың,

-  Ақтау қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар  № 8 жалпы білім беру орта мектебіне» Исатай Сүйеубаевтың;

-  Ақтау қаласы, «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 22 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне Серікбол Қондыбайдың;

-  Түпқараған ауданы, « № 1 Жалпы білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесіне Ғұбайдолла Айдаровтың;

-  Ақтау қаласы, «№ 11 мамандандырылған физика-математика мектебіне»  Тұтқабай Әшімбаевтың;

-  Маңғыстау ауданы «Шайыр орта мектебіне» Тұрар Жалғасбайұлының;

-  Маңғыстау ауданы «Ұштаған орта мектебіне» Асқар Өтепбергеновтың есімдерін беру туралы ұсыныстары қаралып, облыстық ономастика комииссия мүшелері бірауыздан Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына  Мұрын жырау Сеңгірбекұлының,  «№ 7 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесіне Нәсіпқали Әбуғалиұлы Марабаевтың, «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 22 жалпы білім беру орта мектебіне» Серікбол Қондыбайдың, Түпқараған ауданы « № 1 Жалпы білім беретін мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесіне Ғұбайдолла Айдаровтың, Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне Қабиболла Сыдиықовтың  есімдерін беру жөніндегі ұсыныстар қаралып, республикалық ономастика комиссиясына жолдау туралы оң шешім қабылданды.

Тиісінше облыстық әкімдіктің қаулысы мен облыстық маслихаттың шешімі  шығарылып Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясына жолданып оң қорытындысын алды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы әзірленуде.

ІV БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТ

Жоспардың «Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту» атты төртінші мақсатты іске асыруға сәйкес 2014 жылдың  І жартыжылдығында төмендегі жұмыстар атқарылды.

Ағымдағы жылдың 19 маусым күні  үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті нығайту мақсатындағы «Тіл шебері» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Бұл байқауда  облыс бойынша 18-25 жас аралығындағы 15 үміткер білімдерін сынады. 

Нәтижесінде, үш тілді жетік меңгерген «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты, Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында аудармашы қызметін атқаратын Қамбар Айгүл Қамбарқызы бас жүлдені иемденді.

Мемлекеттік тіліміз барлық ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіретін, ынтымақ дарытатын тілге айналып келеді десек артық айтқандық емес, өйткені қазақ тілінің тағдырына Отанын сүйетін әрбір қазақстандық жауапты. Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай «Қазақ тілін білу азаматтық парызды ғана емес, ұлтқа деген құрметті де білдіреді».

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңындағы «Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» деген талапты орындау облысымыздағы  мемлекеттік орган басшыларының назарынан тыс қалып жүрген жоқ. Мемлекеттік тілді оқып үйренемін деп ниет қойған адамға барлық жағдай жасалып отыр.

Қазіргі уақытта 65 өзге этнос өкілдерінің балалары қазақ мектептерінде оқиды., балабақшаларда қазақ тілінде тәрбие алатын өзге этнос балаларының саны – 313-ті құрап отыр. Бұл сандар жыл сайын артып келе жатқаны анық байқалады.

Сонымен қатар, ІІІ тілді меңгерген жастар арасында «Тіл тұнық ойдың кәусәрі» атты Республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өтті және Орыс жастары арасында қазақ тіл білімділерінің арасында «Тіл Парасаты» облыстық байқауы мен Әбіш Кекілбаевтың шығармаларына арналған «Шабыттың шаңқаңы» атты көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы, Фариза Оңғарысованы еске алуға арналған «Өлең мен сені аялап өтемін « атты облыстық байқауы, Тұңғыш Президент күніне арналған «Менің президентім» тақырыбында шығармалар байқауы өтті.  

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының

Маңғыстау облысында 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының қаржыландырылуы

2014 жылға – 5 млн. 350 мын теңге


Маңғыстау облысында мұрағатта

ісін дамытудың негізгі бағыттар

көрсеткіштерінің орындалуы туралы

2014 жылдық ақпарат

  Есептік кезеңде мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басты назарында облыста мұрағат ісін жетілдіру және дамыту мәселелерін шешуді жалғастыру болды. Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру аясында жасақталған бірқатар іс-шаралар мен 2014 жылға   жоспарланған  негiзгi көрсеткіштерді орындауға, мұрағат ісін жетілдіру және дамыту мәселелерін шешуге  бағытталды. Мұрағаттар мен құжаттама басқармасымен «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жасақталып облыс әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 92 қаулысымен бекітілді, нормативтік құқықтық акті 2014 жылдың 25 маусымында Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2446 болып енгізілді. Облмеммұрағат қызметкерлері Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында  мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мұрағат ісі және құжаттаманы басқаруды жүргізудің және ведомстволық мұрағаттарда құжаттарды сақтаудың  кейбір мәселелері  туралы» тақырыбында 17 лекция жүргіздіШығыс Қазақстан облысының Мәдениет, Мұрағаттар және құжаттама басқармасының мемлекеттік мұрағаты мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында болып өткен «Ұмытылмас үшін білу: ХХ ғасырдың 20-50 жж. басындағы тоталитарлық билік және халық» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын облмемұрағаттың екі қызметкері қатысып, конференция соңында облыстық мұрағаттың қызметкерлерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында кездесу ұйымдастырылып, бөлімдердің жұмысымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болдық. Шығыс Қазақстан облысы «Электронды мұрағат» бағдарламасына қолданысқа енгізген алғашқы мұрағаттардың бірі болғандықтан, құжаттардың электронды нұсқасын дайындау методикасы, құралдары, жұмыс кезеңдерімен толықтай танысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 2014 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізілген Мұрағаттардың халықаралық кеңесінің Еуро-Азиялық өңірлік бөлімшесінің «Мұрағаттық құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелері» атты «ЕВРАЗИКА» ХV жалпы ғылыми-тәжірибелік конференциясына аудандық мемлекеттік мұрағаттың бір қыхметкері қатысып, конференция соңында ТМД елдері мұрағаттары қызметкерлерінің іс-тәжірибе алмасу мақсатында баяндамалар тындалды.

  Есепті кезеңде облыстық мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында үнемделген қаржы есебінен 8 млн 680 мың теңге көлемінде сыйлықақы және 522 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының  құжаттарын

сақтауды  қамтамасыз ету

  Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының  құжаттарын сақтауды  қамтамасыз ету бағыты бойыншамұрағат қорлары мен құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сақтау қауіпсіздігін күшейтуге қатысты жоспарлы жұмыстар жалғастырылуда.

Есепті кезеңде мемлекеттік мұрағат құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізу бағыты бойынша 01.01.2015 жылға қорлардың көлемі мен құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтер, қор карточкалары, мұрағат қоймаларының төлқұжаты, қор бетшесі жасақталды.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау - сақтау шараларының дәстүрлi кешенi, соның iшiнде құжатттарды шаңнан тазарту, өңдеу, мұқабалау, картондау жұмыстары жүзеге асырылды. Қағаз негiздегi 881 с.б. құжаттардың жай-күйi жақсартылды, 4004 беттен тұратын 335 с.б. құжат компьютер арқылы  қалпына келтірілді және жаңадан қабылданған 3928 с.б. құжаттар және 4550 с.б. (құпия) құжаттар картондалды.

Айына бiр рет жоспарлы дәрілеу және тазалық күнi өткiзіліп, есептік кезең ішінде 337305  сақтау бірлігіндегі  істер залалсыздандырылды.

Есептік кезеңде  облмеммұрағаттың қоймаларынан берілген істердің жалпы саны  40574 с. б., соның ішінде:

-  оқу залындағы пайдаланушыларға –  2132 с.б.; 

- мамандарға жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу мақсатында  - 28357 с. б. 

- уақытша пайдалануға – 85 с. б.

 

  Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру бағытында  жоспарланған көрсеткіштерді орындауды жүзеге асыру мақсатында бір шама жұмыстар жүргізілді.

Есептік кезеңде  мемлекеттік сақтауға жалпы көлемі 91 ұйым мен мекемеден, жеке мұрағаттардан барлығы 4553 сақтау бірлігінен тұратын құжаттар қабылданды, олардың ішінде:

- 2538 с.б.тұрақты сақталатын құжаттар: облмеммұрағаттарда «Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2007-2013 жж. 60 с.б., «ҚР Көлік және Коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары Комитетінің Маңғыстау облыстық департаментінің» 2000-2013 жж. 134 с.б., «Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы азаматтық қорғаныс авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2004-2013 жж. 118 с. б. құжаттарына жаңа қорлар ашылып, «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының 1998-2003 жж. 40 с.б., «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының 2003 жж. 10 с.б., «Шетел және Қазақстан Республикасының мұрағаттары мен мекемелерінен алынған Маңғыстау тарихы жайлы құжаттар жиынтығының» 1722-1912 жж. 68 с.б., «№ 21 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2006-2008 жж. 24 с.б., «Абай атындағы  мәдени- демалыс кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының 2008 жж. 10 с.б., «Ақтау қалалық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2008 жж. 2 с.б., «Маңғыстау облысының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2004 жж. 18 с.б. мемлекеттік сақтауға қабылданды; «ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жж. 46 с.б., «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жж. 27 с.б., «№ 1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 1993-2008 жж. 92 с. б., 1982-1985, 1990-2001 жж. қосымша 4 с. б., «Маңғыстау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2003 ж. 7 с.б және жаңа қор «Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемсінің 2006-2008 жж. 15 с.б. мен қосымша 9 с.б., «Маңғыстау облысының әділет департаменті»мемлекеттік мекемесінің 1997-1999 жж, 10 с.б. «Мұнайлы аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007-2010 жж. 41 с.б., «Мұнайлы аудандық  қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жж.13 с.б.,«Мұнайлы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жж. 9 с.б., «Мұнайлы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007-2009 жж.18 с.б.,«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жж. 56 с.б., «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жж. 13 с.б., «Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жж. 16 с.б.,«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жж.18 с.б., «Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2008-2009 жж.19 с.б., жаңа қорлар ашылып, «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2008-2009 жж.17 с.б., және «Маңғыстау селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2005 ж.  қосымша 33 с.б., Қарақия аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің 2006-2008 жылдар аралығындағы 17 с.б., Қарақия аудандық салық басқармасы 2007-2008 жылдар аралығындағы 6 с.б.,  Қарақия аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2007-2013 жылдар аралығындағы 60 с.б., №4 орта мектебінің 2003-2007 жылдар аралығындағы 40 с.б., № 6 орта мектебінің 2006-2008 жылдар аралығындағы 34 с.б., басқарушылық  Прокуратураның 2007-2008 жылдар аралығындағы 16 с.б., Жетібай аудандық ауруханасының 14 с.б., Қарақия аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 34 с.б., Құрық ауылының  әкім аппаратының 45 с.б., Маңғыстау облыстық медициналық колледжінің  2004-2008 жылдар аралығындағы  43 с.б.,  Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының 2008-2009 жылдар аралығындағы 64 с.б., Жаңаөзен қалалық қазынашылық бөлімінің 2007-2009 жылдар аралығындағы 9 с.б., № 1 Т.Әлиев атындағы орта мектебінің 2002-2009 жылдар аралығындағы 71 с.б., № 3 орта мектебінің 1998-2009 жылдар аралығындағы  45 с.б., «Түпқараған аудандық соты»1995-2008ж.ж.аралығындағы 36 с.б. 1995-2009 ж.ж.т 48с.б. 2010ж. 10 с.б., «Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі» 2006-2009 ж.ж.аралығындағы 103 с.б., Түпқараған аудандық «Мәдениет үйі»2003--2007  ж.ж. аралығындағы 31  с.б., Түпқараған аудандық прокуратурасы 2006-2009ж.ж. 16 с.б., Маңғыстау аудандық сотының 2007-2008 жылдар аралығындағы 21 с.б. және 1997-2008 жылдар аралығындағы 29 с.б., «Маңғыстау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2008-2013 жылдар аралығындағы 48 с.б., «Маңғыстау ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жылдар аралығындағы 118 с.б., Маңғыстау  техникалық колледжінің 2006-2008 жылдар аралығындағы 21 с.б.,  Маңғыстау  техникалық мектебінің 1958-2005 жылдар аралығындағы 13 с.б., Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 25 с.б., Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің 13 с.б., Бейнеу селосы әкімі аппаратының 310 с.б., Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы 23 с.б., Бейнеу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 20 с.б., Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі 104 с.б., Бейнеу аудандық қала құрылысы, құрылыс бөлімі 21 с.б., Бейнеу аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 16 с.б., Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығы 11 с.б., Бейнеу аудандық қазынашылық басқармасы 5 с.б., Бейнеу аудандық прокуратурасы 14 с.б., Бейнеу аудандық әкімінің аппараты 45 с.б., Бейнеу аудандық кәсіпкерлік бөлімі 14 с.б.,  Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі 14 с.б. ;

- 179 с.б. ғылыми-техникалық құжаттама: «Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің 2010 ж. 77 с.б., «Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 ж. 53 с.б., «Ақтау қалалық сәулет және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2009 ж. 49 с.б.;

-1292 с.б. жеке құрам құжаттары: таратылған «Эко Полис сақтандыру компаниясы» Маңғыстау филиалы акционерлік қоғамының 200-2012 жж. 20 с.б.,  Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2007-2013 жж. 81 с.б.,  «ҚР Көлік және Коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары Комитетінің Маңғыстау облыстық департаментінің» 2000-2013 жж. 81 с.б., «Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы азаматтық қорғаныс авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2004-2013 жж. 83 с. б. мемлекеттік сақтауға қабылданды, «Ақсай нан-тоқаш комбинаты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2009-2014 жж. 30 с.б. , 2010-2014 жж. жұмыстан босатылғандардың 38 с.б. жеке істері, «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасыныңшаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық медициналық, техникалық және құрылыс сервисі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2009-2014 жж. 28 с.б., 13 с.б. жеке істері, «Digital TV- Актау» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2008-2014 жж. 90 с.б., «Секател Компаниясы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  Ақтау Филиалы бойынша 19997-2010 жж. 49 с.б., «Шер-К» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2004-2010 жж. 19 с.б., «Огнеупорхимзащита» мемлекеттік шағын кәсіпкерлігінің 1969-1992 жж. 114 с.б., «Autoline UP» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006-2014 жж. 22 с.б., «Химзащита-сервис» Жауапкершілігі шетеулі серіктестігінің 2001-2010 жж. 42 с.б. «Мұнайлы аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» 2007-2010 жж. 32 с.б., «Мұнайлы аудандық  қаржы бөлімі» 2007-2008 жж. 8 с.б., «Мұнайлы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» 2007-2008 жж. 8 с.б., «Мұнайлы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» 2007-2009 жж. 8 с.б.,«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» 2007-2008 жж.17 с.б.,«Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі » 2007-2008 жж. 15 с.б., «Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» 2007-2008 жж.10 с.б., «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» 2007-2008 жж. 25 с.б., «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» 2008-2009 жж.7 с.б., «Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» 2008-2009 жж.7 с.б. Қарақия аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің 2006-2008 жылдар аралығындағы 12 с.б., «Қарақия»  газеті  редакциясы» мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнының 31 с.б., Қарақия аудандық салық басқармасы 2007-2008 жылдар аралығындағы 2 с.б., Қарақия аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2007-2013 жылдар аралығындағы 32 с.б., №4 орта мектебінің 2003-2007 жылдар аралығындағы 14 с.б., № 6 орта мектебінің 2006-2008 жылдар аралығындағы 10 с.б., Жетібай аудандық ауруханасының 8 с.б., Қарақия аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 12 с.б., Құрық ауылының  әкім аппаратының 14 с.б., «Түпқараған аудандық жер қатынастары бөлімі» 16 с.б., Түпқараған аудандық «Мәдениет үйі» 23 с.б., «Маңғыстау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2008-2013 жылдар аралығындағы 24 с.б., «Маңғыстау ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2007-2008 жылдар аралығындағы 76 с.б., Маңғыстау  техникалық мектебінің 1958-2005 жылдар аралығындағы 15 с.б., Бейнеу аудандық әкімінің аппараты 16 с.б., Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 14 с.б., Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің 12 с.б., Бейнеу селосы әкімі аппаратының 8 с.б., Бейнеу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 16 с.б., Бейнеу аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 13 с.б., Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығы 12 с.б., Бейнеу аудандық қазынашылық басқармасы 1 с.б., Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі 16 с.б., Бейнеу аудандық қала құрылысы, құрылыс бөлімі 20 с.б., Бейнеу аудандық кәсіпкерлік бөлімі 16 с.б.,  Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі 12 с.б. ;;

- 355с.б. фото құжаттар -  «Химия – гидрометалургия зауытына қатысты фотосуреттер» тақырыбында 1959-1980 жж. аралығындағы  20 с.б., «Становлении и развитии АО «НМСК Казмортрансфлот» тақырыбында 2005-2010 жж. 14 с.б., «Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – республикамыздағы іргелі мәдени орталықтарының бірі» атты 1981-2010 жж. 30 с.б., «Маңғышлақ энерго комбинатына» қатысты  1975-1983 жж. 15 с.б., «Из истории Мангистауского областного театра кукол» тақырыбында 1981-2013 жж. 77 с.б., ХІХ-ХХ ғғ.Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы тарихи мәдени ескерткіштерге қатысты 1940-1984 жж. 19 с.б.,  Маңғыстау облсы мемлекеттік мұрағатының қатысуымен өткізілген іс-шаралар бойынша «Мұрағат тынысы» атты 2013-2014 жж. 76 с.б. «Қазақстан Республикасы мәслихатына 20 жыл!»  мерейтойына арналған салтанатты шараға 2014 ж.11 с.б., ҚР Денсаулық сақтау министрінің Мұнайлы ауданындағы іссапары 2013 ж. және «Алтын сақа» мектепке дейінгі гимназияның ашылу салтанаты 2014 ж 10 с.б., «Халық композиторы Өскенбай Қалмағанбетов атындағы балалар өнер мектебінің ашылу салтанаты» 5 с.б., 2011 ж., «Ана-тіршіліктің арқауы»  1 с.б. 2012 ж., «Қазыналы Қарақияға 40 жылдық мерейтойында қолданысқа берілген бірқатар әлеуметтік нысандар» 9 с.б., «Қарақия ауданында алғаш рет 400 орындық кәсіптік техникалық колледж және 200 орындық жатахананың ашылу салтанаты» 4 с.б., «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша төрт қабатты 48 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа  берілу салтанаты» 8 с.б., «Қазыналы Қарақияға 40 жыл мерейтойы» 44 с.б. 2013 ж., Маңғыстау ауданына қарасты  Шайыр селосындағы «Қызғалдақ», Жыңғылды селосындағы «Ақшағала», Жармыш селосындағы «Еркетай» балабақшаларының 12 с.б.  фотоқұжаттар қабылданды;

- 139 с.б. / 672 құжаттан тұратын жеке тектік құжаттар -  Мемлекеттік және қоғам қайраткері Саламат Мукашевтің 1927-2004 жж. 6 с.б./ 34 құжат және халық шаруашылығы саласына еңбегі сіңген қайраткер Ыдырысова Салиха Қаженқызының 1995-2013 жж. 4 с.б./ 6 құжат, білім саласының қайраткері Ушакова Анна Васильевнаның 2001-2012 жж. 5 с.б/13 құжат, мұнай саласының қайраткері Қарамурзиев Баязи Бисенұлының 1965-2008 жж. 5 с.б./32 құжат, қоғам қайраткері Аталық Әбдешұлының қорына қосымша 1973-2013 жж. 8 с.б./47 құжат, белгілі журналист Сайын Әділханұлының қорына қосымша 1958-2012 жж. 15 с.б./38 құжат, Өтелбек Махмутовтың 1964-2010 жж. 4 с.б./25 құжат, мәдениет саласына еңбегі сіңген атакеева Фарида Момбековнаның 1988-2014 жж. 6 с.б./56 құжат, жазушы Достанов Жұмахансері Оңғарұлының 16 с.б./30 құжат, Қазақстан Жазушылар Одағының  және Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі ақын, жазушы Темір Мыңжастың 1974-2014 жж.7с.б./138 құжат, Қазақ КСР халық  ағарту ісінің озық қызметкері, Қарақия ауданының құрметті азаматы, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Қойшы Қонысбаевтың 1950-2013 жж. 4 с.б./ 60, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі,  «Халықтар достығы»  орденінің иегері  Қалиев Жұмабайдың  1971-2013 жж.  3 с.б./52, шебер бұрғышы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ленин орденінің иегері Көшкінбай  Қалиевтың 1955-2011 жж. 4 с.б./21, жазушы Ж. Айдарбаевтың 1967-2013 жылдар аралығындағы  24 с.б., «Мәдениет,ғылым,өнер,білім,денсаулық сақтау және спортқа еңбек сіңірген қайраткерлер» Бимағанбетов Нәби1915-1976ж.ж. 5 с.б./20, «Мәдениет,ғылым,өнер,білім,денсаулық сақтау және спортқа еңбек сіңірген қайраткерлер» Жұмабаев Қанат 1976-2014 ж.ж. 7 с.б./59,  «Ұлы Отан соғысының ардагерлері» Өтенов Ідірейс 1943-2006 ж.ж. 7 с.б./41, ҚР  Президентінің «Алғыс хатының», «Еңбек ардагері»  медалінің  иегері, заң органдарында 40 жыл және 30 жыл сот төрағасы қызметін атқарған И. Орынбаевтың 1969-2014  жылдар аралығындағы 9с.б./58,  құжат сипатталып,  мемлекеттік сақтауға қабылданды.

- 11 с.б. бейне құжаттар – «Қара домбыра қару болған дүлдүл ақын Қашаған Күржіманұлы» атты 2011ж. 1 с.б., «Тәуелсіздік тағылымы. Қашағанға – 170 жыл» атты  2011 ж. 1 с.б., «Құрманғазы ескерткішінің ашылуы» 2011 ж. 1 с.б., «Счастье Кадыра» спектаклі 2008 ж. 1 с.б., «Сурмерген» спектаклі 1 с.б., «Люди птицы» спектаклі 1 с.б., 2014 ж. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары зерттелген, есте сақталған естеліктері жөніндегі 1 с.б., «Көкорай мен құралай» 1 с.б., «Қазақстан Республикасы мәслихатына 20 жыл»  мерейтойына арналған салтанатты шараға 2014 ж. 1 с.б., «Зұлмат таңбасы ұрпақ жадында», «Қоғам қайраткері С.Х.Елмұханбетовтың 100 жылдық мерейтойы» 2008 ж. 1 с.б., ҚР-ның өкілді органы Мәслихаттардың 20 жылдығына орай Маңғыстау аудандық Мәслихатының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік шараның 1 с.б. бейнеқұжатқа тізімдеме жасақталып, мемлекеттік сақтауға алынды;

Есепті кезеңде 1969-2014 жж. аралығындағы тұрақты мемлекеттік сақтауға өткізетін 2538  с.б. басқарушылық құжаттарға, 2001-2013 жж. 359 с.б. ғылыми-техникалық құжаттамаға және 1292 с.б. жеке құрам құжаттарына, 355 фото құжатқа, 139с.б. жеке тектік құжаттарға, 11 с.б. бейнеқұжатқа тізімдемелер жасақталып, облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының сараптау-тексеру комиссиясымен (СТК) бекітілді, барлығы 118 мекеменің сақтауға жатпайтын 80040 с.б. істеріне жою актісі, 64  ұйымның істер номенклатурасы, 12 ұйымның Сараптау комиссиясының ережелері, 6 ведомстволық мұрағат туралы ережелер жасақталып, облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының СТК-мен келісілді. 

Облмеммұрағат қызметкерлері құжаттау мен құжаттаманы басқару және ведомстволық мұрағаттардың қызметі жөнінде Тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында  мемлекеттік қызметкерлер арасында 17  лекция жүргізді.

Есеп беру кезеңінде барлығы 365 мекеме, ұйым, кәсіпорынға іс жүргізу, құжаттау және құжаттардың сақталысын қамтамасыз етудің негізгі мәселелері бойынша 470-ден астам әдістемелік көмек көрсетіліп, консультациялар берілді.

 Ақтау қаласында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің  таратылуына және қайта ұйымдастырылуына, сондай-ақ жаңадан құрылуына  байланысты,  облыстық мемлекеттік мұрағатты толықтыру көздерінің тізімін нақтылау және оларды  белгіленген талаптарға сәйкес келтіру бойынша жүргізілген жұмыс аяқталды.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау» туралы 2011 жылғы 06 қаңтардағы № 377-ІV Заңына сәйкес 14 мекемеде «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде және «Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, «Бейнеу аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде,  «Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Маңғыстау аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Мұнайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Түпқараған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелерде іс жүргізудің және құжаттарды сақтаудың жай-күйіне тексеру жүргізілді.

   Деректер базасы есебін және автоматтандырылған ҒАА құрастыру

Ағымдағы жылы облмеммұрағатта «Электронды мұрағат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мен бейімдеу бойынша жоспарланған іс-шаралар аясында кезең-кезеңге бөлінген жұмыс жалғасуда.

Есепті кезең ішінде бірінші кезекте цифрланатын қорлар мен құжаттардың 2014 жылға арналған жоспарына сәйкес жеке құрам бойынша «Ақтау қалалық орталық ауруханасы» мұрағаттық қорының 1975-1999 жж. 7397 құжаттан тұратын 46 істің 9980 беті, «Каспий аймақтық құрылыс басқармасы» мұрағаттық қорының 1995-2000 жж. 1025 құжаттан тұратын 14 істің 2680 беті, «Ақтау ет комбинаты» мұрағаттық қорының 1975-1993 жж. 2880 құжаттан тұратын 27 істің  3897 беті, «Маңғыстау облысы мемлекеттік мұрағаты»  мұрағаттық қорының 1973-2007 жж. 1680 құжаттан тұратын 40 істің 1956 беті, «Ақтаутрансгаз» ЖАҚ мұрағаттық қорының 1975-1995 жж. 4734 құжаттан тұратын 32 істің 6101 беті, «Маңғыстаумұнайөнімдері» бірлестігі  мұрағаттық қорының 1976-1993 жж. 2568 құжаттан тұратын 29 істің  3019 беті, «Мұрагер» АҚ мұрағаттық қорының 1994-1998 жж. 455 құжаттан тұратын 10 істің 591 беті, «Ақтау автобус паркі» мұрағаттық қорының 1975-1996 жж. 8439 құжаттан тұратын 80 істің 11939 беті  Ақтау қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрмыстық қызмет көрсетудің көпсалалы басқармасы (Многоотраслевое управление жилищно-коммунального хозяйства и бытового обслуживания Аппарата Акима города Актау) 1992-2003 ж.ж. 2799 кұжаттан тұратын 28 істің 4766 беті «Каспий аймақтық тау-кен комбинаты» өндірістік бірлестігі (Групком-147 ПО «ПГМК») 1975-1991 ж.ж. 1733 кұжаттан тұратын 17 істің 2129 беті, АҚ «Каскор» 1993-1998 ж.ж. 101 кұжаттан тұратын 6 істің  116 беті, ЖШС «ЗПМ» (ТОО «ЗПМ») 2001-2005 ж.ж. 656  кұжаттан тұратын 8 істің 1339 беті, Маңғыстау облысының «Медтехника» сауда бірлестігі (Мангистауское областное торговое объединение «Медтехника») 1975-1996 ж.ж. 2664 кұжаттан тұратын 17 істің 2910 беті, Маңғыстау көлік жолдары» өндірістік басқармасы (Мангистауское производственное управление автомобильных дорог) 1976-1993 ж.ж. 7045 кұжаттан тұратын 51 істің 7445 беті, Маңғыстау мемлекеттік Құрылыс сақтандыру фирмасының Ақтау филиалы (Актауский филиал Мангистауской государственной страховой фирмы) 1975-1994 ж.ж. 632 кұжаттан тұратын 5 істің 684 беті, ЖШС «Ақтал-ЛТД» (ТОО «Актал-ЛТД») 1999-2004 ж.ж. 2295 кұжаттан тұратын 16 істің 4977 беті және тұрақты сақталатын басқарушылық құжаттар бойынша  «Ақтау қалалық әкім аппараты» мұрағаттық қорының 1994-2005 жж. 11152 құжаттан тұратын 362 істің 22857 беті, барлығы 12 мұрағат қорының 58255 құжаттан тұратын 788 ісінің  26742 беті, «Мұнайлы аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» 73 с.б, «Мұнайлы аудандық  қаржы бөлімінің» 21 с.б, «Мұнайлы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің»  17 с.б. «Мұнайлы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» 2007-2009 жылдар аралығындағы 26 с.б.,«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» 2007-2008 жылдар аралығындағы 73 с.б.,«Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі » 2007-2008 жылдар аралығындағы 28 с.б., «Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» 2007-2008 жылдар аралығындағы 26 с.б., «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» 2007-2008 жылдар аралығындағы 43 с.б., «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» 2007-2008 жылдар аралығындағы 24 с.б.,«Мәдениет, ғылым, өнер, білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спортқа еңбек сіңірген қайраткерлер қоры» 7 с.б., «Маңғыстау поселкелік әкімінің аппараты» 2005 ж 33 с.б. « Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» 2008-2009 жылдар аралығындағы 26 с.б. цифрланып, өңделді (деректер базасына енгізілді).

ЭМ ААЖ құрастырушылар мен мұрағат мамандарының бірлескен қызметі нәтижесінде жасақталған «Мұрағат қоры», «Ведомстволық мұрағаттарға бақылау жасау», «Электронды каталог», «Фотокаталог» деректер базаларын (ДБ) зерделеу, бейімдеу жұмыстары жалғастырылуда.

Жасақталған «Ведомстволық мұрағаттарға бақылау жасау» ДБ-на толықтыру дереккөздері бойынша барлық анықтамалық мәліметтер: істер номенклатурасы, құжаттау мен құжаттаманы басқару Ережелерінің бар-жоғы, олардың келісілген уақыты туралы; ведомстволық мұрағаттың, оларға бөлінген орын-жайдың бар-жоғы, штат саны туралы мәліметтер, олармен келісім-шарттардың жасалғандығы; тұрақты сақталатын және жеке құрам құжаттарының жалпы көлемі туралы және т.б. мәліметтерді енгізуге мүмкіндік береді.

Осы ДБ-сын енгізу облмеммұрағат қызметкерлеріне әрбір толықтыру дереккөзінің сапалы электрондық қадағалау ісін қалыптастыруға,  куратордың мекемелермен атқаратын жұмысының есебін жүргізуге, пайдаланушыға әр түрлі мазмұндағы есепке алу және есеп беру нысандарының тізбесін: басқарушылық, ғылыми-техникалық және аудио-бейне- құжаттамамен толықтыру дереккөздерінің негізгі және әлеуеттік (потенциальных) тізімдерін алуға мүмкіндік жасайды.

Бүгінгі күнге «Мұрағаттық қор» деректер базасына облмеммұрағаттың жаңа қабылданған 4 қорға және 21 мұрағаттық қорға мұрағат қорының есептік құжаттары бойынша барлық маңызды мәліметтер: қор карточкалары мен қор бетшелері бойынша қор құжаттарының саны мен құрамы, құжаттардың хронологиялық шеңбері, қор атауындағы барлық өзгерістер, қор құжаттарына жасалған ғылыми-анықтамалық аппарат құрамы туралы мәліметтер енгзіліп, істер тізімдемелері сканерлеу арқылы электронды форматқа көшіріліп, деректер базасына орналастырылды. Сонымен қатар,  мұрағат қоймаларынан істерді беруді тіркеуді, құжаттардың орнында бар-жоғы мен физикалық жай-күйін тексеруді, құжат мәтіндерін қайта қалпына келтіру мен жаңғырту туралы мәліметтерді тіркеуді автоматтандырылған ақпараттық жүйеде  жүргізу жалғасуда.

«Мұрағат қоры» (қорлар есебі) ДБ-на 574 қордың есеп құжаттары (тізімдеме, алғысөз, тарихи анықтама, қор бетшесі, қор парақшасы) цифрланып, енгізілді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебі туралы» нұсқаулыққа сәйкес 613 қор құжаттары есебіне салыстырмалы тексеру жүргізілді.

 «Электронды каталог» ДБ-на автоматтандырылған тақырыптық: әкімшілік-аумақтық бөлінулер, мекемелер тарихы; мәнді (предметный): географиялық, атаулы каталогтар арқылы басқарушылық құжаттаманы, фотовидеоқұжаттарды және газет, журналдар бойынша жинақталған мәліметтерді енгізу пайдаланушыларға мұрағат құжаттарының мазмұны туралы қажетті ақпаратты (тақырып,  салалар бойынша) жедел іздеуге  ықпал етеді. Есепті кезеңде Шевченко қалалық халық депутаттары Кеңесі мен оның атқару комитетінің 1970-1975 жж. құжаттарына каталогтау жұмысы жүргізіліп, 357 тақырыптық карточка жасақталып, деректер базасына енгізілді.

Анықтамалық-ақпараттық қор бойынша (баспасөз беттерінен) 313 мақалаға карточка толтырылып, электронды каталогқа енгізілді.

«Фотокаталог» деректер базасы облыстық мемлекеттік мұрағаттағы фото құжаттарды жедел іздестіру, тақырыптарға сай жүйелеу және электронды форматта қолдануға мүмкіндік ашады. Есепті кезеңде мұрағаттың фотоқұжаттар қорлары бойынша 387 карточка жасақталып, базаға енгізілді.

Жоғарыда аталған деректер базаларын енгізуге «LotusNotes» бағдарламалық қамту  қолданылынады.

Ақпараттық қызмет көрсету және құжаттарды пайдалану

Облмеммұрағат қызметкерлері облыстық және қалалық газет беттеріндегі «Маңғыстаудың атаулы күндерінің күнтізбесі беттерінен», «Мұрағаттық құжаттар әңгімелейді» айдарларындағы жұмыстарын жалғастыруда. Есепті кезеңде 5 мақала, олар: Украинаның ұлы ақыны, прозашы, суретші, этнограф Тарас Григорьевич Шевченконың туғанына 200 жыл толуына орай облыстық газетке «Тарас Шевченко және Маңғыстау», Сайын Әділханұлының 70 жылдық мерейтойына орай «Сан қырлы талант иесі», 31мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Жылқы қырғыны» және республикалық журналға «Электронды мұрағат құру»  атты еңбек жарияланды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет, Мұрағаттар және құжаттама басқармасының мемлекеттік мұрағаты мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында болып өткен «Ұмытылмас үшін білу: ХХ ғасырдың 20-50 жж. басындағы тоталитарлық билік және халық» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысында қаралған мақалалар жинағына «Мұрағат құжаттарындағы зұлматты жылдар айғағы» тақырыбындағы Маңғыстау жеріндегі зобалаң жылдар жөніндегі мақала жарияланды. 2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына орай мұрағаттың жоспарымен таныстыру мақсатында «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» атты мақала жарияланды.  «Мұнайлы» газетінің 2014 жылғы 31 қаңтарындағы №4 (381) санында «Мұралық қазына көбеюде», 10 қазанындағы №56-58 (434-436) санында «Ұстаз- ұрпақ мақтанышы», 24 қазанындағы №60-61 (438-439) санында «Біздің Жеңіс»,7 қарашадағы №63 (441) санында «Құжаттардың көшірмелерін беру тәртібі», ауыл шаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосқан білікті маман,шебер ұйымдастырушы Өтеген Салмановтың 80 жылдық мерейтойына орай «Білікті маман,шебер ұйымдастырушы»атты мақалалар жарияланды.

  «Бізге- 5 жыл!» атты тақырыпта құжаттар мен фотосуреттер көрмесі дайындалып, тізімдемесі жасақталып, облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының СТК хаттамаларымен келісілді.

№1 жалпы білім беру орта мектептің 11 сынып оқушыларына «Нұрлы жол-жарқын болашақ бағдарламасы» атты тақырыпта лекция оқылды.

Облмеммұрағат қызметкерлері 2014 жылға Маңғыстаудың атаулы  күндерінің күнтізбесін дайындады (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

2015-2020 жылдардың Маңғыстау облысы бойынша атаулы күндерінің күнтізбесі жасақталды.

Жас ұрпаққа тарихи құндылықтарымызды насихаттау мақсатында  № 20 мектептің 9 сынып оқушыларына «Маңғыстаудың киіз үйі» атты бейнефильм көрсетілді және журналист, ұстаз  Сайын Әділханұлының 70 жылдық мерейтойына орай «Қайтпас қайсар қаламгер» атты лекция оқылды. Маңғыстау облысының әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Шерлі жылдар шындығы» атты кешке ҒАА бөлімінің бастығы  Г. Боранқұлова қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты мұрағаттық құжаттар негізінде баяндама оқылып, кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай, С. Құдайберген «Тәуелсіздік тұғырлары» тақырыбында «Талап Маңғыстау» ЖШС-де, Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығында баяндама оқыды. Осы атаулы күнге орай бөлім бастығы Г. Боранқұлова мұрағат қызметкерлеріне «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында баяндама оқылды. Қазан айында № 16, 20 мектептердің 8-10 сынып оқушыларына «Фотоқұжаттардағы тарих бедері» атты сабақ  өткізді. 4 желтоқсанда Тұңғыш Елбасы күніне орай  «Қайнар» колледжінің студенттеріне «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты сабақ өтілді. Қазанның 31-де мұрағаттың құрылу күніне орай (1қараша, 1923 жыл) политехникалық колледж студенттеріне «Мұрағат – руханият бастауы» атты тақырыпта көрме таныстырылып, лекциямен түсіндірілді және соңынан оқу залына экскурсия жасалды. Тәуелсіздік күніне орай 15 желтоқсанда мұрағаттың оқу залында «Қайнар» колледжінің студенттерімен «Тәуелсіздік алған асулар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Тәуелсіздік күніне орай ұжым арасында өткізілген жиналыста ҒАА бөлімінің қызметкері Жұмашова Жүрсінай «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында слайд көрсетіп, баяндама жасады.

Мұрағат қызметкерлері мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» бірлесе отырып, қуғын-сүргін құрбанына арналған «Тағайұлы Сәуірбайдың тағылымды өмірі» атты кеш ұйымдастырылды. Кешке жазушы-журналистер Л. Садуақасов, А. Әбдешұлы және ұстаздар, студенттер мен Тағайұлы Сәуірбайдың ұрпақтары қатысты. Осы кешке «Құжаттар сөйлесе...» атты көрме тыңдаушылар назарына ұсынылды. Кеш соңында қонақтармен бірге мұрағатқа экскурсия жасалып, мұрағаттың оқу залы және ҒАА бөлімі мен оның жұмысы таныстырылып, «Мұрағат тарихы» тақырыбында лекция оқылды. Өткізілген іс-шара жөнінде ақпар беріле отырып, көпшілікке жинақталған деректерді таныстыру мақсатында облыстық телевидение өкілі шақырылып, интервью берілді және облыстық мерзімді басылымдарға мақалалар жіберілді. Сонымен қатар, облыстық телевидениенің «Алқа» атты бағдарламасына мұрағат өкілі қатысып, облмеммұрағаттың Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай басылып шығатын «Тағзымның» 4 кітаы жөнінде ақпарат берілді. Есептік кезеңде барлығы 9 сабақ пен баяндамалар, 2 телебағдарлама, 4 лекция оқылып, 7 мақала, 2 құжаттар көрмесі дайындалды.

Ұйымдар мен мекемелердің сұраныстары негізінде барлығы 4 ақпараттық құжаттар топтамасы жинақталып, дайындалды. Олар:

«Көп балалы аналарды наградтау туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» 1973-2001 жж. құжаттар топтамасы, «Қазақстан Республикасындағы идеологиялық үрдістер» ғылыми жобасы бойынша Маңғыстау облысындағы тәуелсіздік жылдарындағы саяси және қоғамдық ұйымдар жөніндегі құжаттар топтамасы, қала мектебіне И. Жанболатованың есімін беру  жөнінде И. Жанбулатованың өмірі мен қызметі туралы құжаттар топтамасы, Маңғыстау өлкесіндегі мұнай саласының шаңырағы саналатын «Маңғыстаумұнайгазға – 50 жыл» толуына орай  ақпараттық құжаттар топтамасы жинақталды.

Келер жылы тойланатын Жеңістің 70 жылдығына орай «Тағзым» кітабының келесі томына материалдар, деректер жинақтау жұмыстары жүргізілуде, осыған орай 2005, 2010 жж.шығарылған «Тағзым» кітаптарына енбеген соғыс және тыл ардагерлері, майданға аттанып, хабарсыз кеткендердің тума-туыстарынан тың деректер жинақталуда.  2014 жылғы республикалық және жергілікті баспасөз ақпарат құралдарына тізімдеме жасалып, сақтауға тапсырылды.

  Есеп беру кезеңінде оқу залында 19 зерттеуші және облмеммұрағат қорларының құжаттарымен жұмыс жүргізген 103 пайдаланушы ресімделді, зерттеушілер мен пайдаланушылардың оқу залына 147  рет келуі тіркелді.

Зерттеушілер мен пайдаланушылардың тапсырыстары бойынша 597 құжаттан тұратын 268 істің 2786 бет, тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштер бойынша 282 құжаттан тұратын 186 істің 1395 бет, барлығы 879 құжаттан тұратын 454 істің 4181 бет көшірмелері берілді.

Облыстық мемлекеттік мұрағат  пен оның Жеке құрам бойынша Ақтау филиалына келіп түскен барлық өтініштер 5105, олардың ішінде:

- тақырыптық сипаттағы 1333 өтініш, оның  1333-ы орындалды, 1212-і қанағаттанарлық, 55-ы түсіндірілген, 17-і қанағаттанарлықсыз, 29-ы бейіндік емес;

-  әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 3617 өтініш түсіп, оның 3617-і орындалды, 2948-ы қанағаттанарлық, 220-і қанағаттанарлықсыз, 152-і түсіндірілген, 297-і бейіндік емес;

-  ТМД елдерінен тақырыптық сипаттағы 471 өтініш түсіп, оның 471-і орындалған, 475-і қанағаттанарлық, 1-і қанағаттанарлықсыз, 13-і түсіндірілген, 22-і бейіндік емес;

Қазақстан Республикасы бойынша тақырыптық сипаттағы 368 өтініш түсіп, оның 368-ы орындалды, 347-і қанағаттанарлық, 16-ы қанағаттанарлықсыз, 4-і түсіндірілген, 1-і бейіндік емес;

ТМД елдерінен  әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 1791 өтініш түсіп, оның 1791-і орындалған, 616-ы қанағаттанарлық, 68-ы қанағаттанарлықсыз, 94-і түсіндірілген,  165 сұраныс бейіндік емес;

Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік-құқықтық сипаттағы  1091 өтініш түсіп, оның 1091-і орындалды, 907-і қанағаттанарлық, 105-і қанағаттанарлықсыз, 45-і түсіндірілген, 34-і бейіндік емес.

Материалдық-техникалық база

Есепті кезеңде облмеммұрағаттың материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары бойынша 719 175 теңгеге коммутатор, 7 принтер, 4 диспенсер, 4 кондиционер, 1 бейнекамера, 1 диктофон, телефон, түрлі-түсті принтер, телевизор сатып алынды. Облмеммұрағаттың ғимаратына 200,0 мың сақтау бірлігіне арналған, жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асатын  қосымша құрылыс салу аяқталды. 


Ақпараттық ресурстар