• Басқы бет
  • Жаңалықтар
  • «Мемлекеттік тілді білу – парызың!» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауы қорытындыланды.

«Мемлекеттік тілді білу – парызың!» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауы қорытындыланды.

Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы  аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту, қазақстандық рухани бірлікті сақтау, отансүйгіштік сезімді арттыру, бауырмалдыққа тәрбиелеу мақсатында үстіміздегі жылдың 27 қазан күні этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлері арасында «Мемлекеттік тілді білу – парызың!» облыстық байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы мемлекеттік тілде ойлайтын, сөйлейтін, қазақ халқының болмысын ұғынған өзге ұлт жастарынан   27 үміткер қатысты.

Шарада талапкерлер 4 кезең бойынша бақ сынасты:

І бөлім – Сәлемдесу: «Тәуелсіз Қазақстан азаматымын!»;

ІІ бөлім – «Мақал – сөздің маржаны» / мақалды аяқтау /;

ІІІ бөлім – «Мемлекеттік тілді білу – парызың!» / сөйлем құрастыру/сұрақ-жауап /;

IV бөлім – Үй тапсырмасы / ұлттық ән немесе қазақ ақындарының бір өлеңін жатқа оқу.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес Басқарманың дипломдарымен, алғысхаттарымен және қаржылай  сыйлықтарымен марапатталды.

Байқау қорытындысы:

  Бас жүлде - Худайбердиева Амина, Ақтау қаласы №9 жалпы білім беру орта мектебінің 10 сынып оқушысы; 

  І орын - Султанова Насиба, Мұнайлы ауданы, №11 орта мектебінің  10 сынып оқушысы;

ІІ орын - Наджафов Рахим Натигоглы, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің 4 курс студенті; 

ІІІ орын - Фалько Алина, Ақтау қаласы №17 жалпы білім беру орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

Ынталандыру – Зайдова Айнур, Ақтау қаласы №14 жалпы білім беру орта мектебінің қызметкері;

Ынталандыру Маматимаруулу Омурзак, Мұнайлы ауданы  №12 орта мектебінің 9 сынып оқушысы; 

Ынталандыру Ахтямов Анвар, Бейнеу ауданы  Абай орта мектебінің оқушысы.


Ақпараттық ресурстар