Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының 2016 жылға арналған есебі

Жалпы ереже

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 (өзг: ҚР Үкіметінің 27.05.2014 жылғы № 553) қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві, Жанаөзен қаласының мемлекеттік архиві, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мунайлы, Түпқараған аудандарындағы мемлекеттік архивтерінде "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

2016 жылы өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

1.  Мемлекеттік архив арқылы – 3162;

2.  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы – 2237;

3.  «Электрондық үкімет» веб- порталы арқылы – 137 қызмет көрсету жүзеге асырылды;

2015 жылы 1 стандарт бекітілді: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі   "Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" №138 бұйрығы.

Есептік кезеңде 1 регламент бекітілді: Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы  22 маусымдағы "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" №178 қаулысы.

2016 жылы Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасында ерекше талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет: «Мұрағат анықтамаларын беру»

    Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (мемлекеттік органдарда), интернет-ресурстарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобасын жария талқылау үшін  til.mangystau.kz және тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқарманың ресми сайттарында жариялаймыз. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылармен ақпараттандыру мақсатында аудандық мемлекеттік мұрағат мамандарымен семинарлар, кездесулер өткізілді және жергілікті баспасөз құралдарында (газет, теледидар сұхбат, хабарламалар) берілді.

2016 жылы «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның бөлімшелерімен Мұнайлы, Маңғыстау және Қарақия аудандық мемлекеттік архиві мамандары дөңгелек үстел өткізді.

2016 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің қызметі және «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті қалай және қашан алуға болатындығы жөнінде жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында сұқпат берілді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған бағыт бойынша жұмыс жалғастырылуда.


Ақпараттық ресурстар