Ақын-жырау Ұзақбай Қазжанұлының 120 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының марапаттау кеші

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2017 жылғы бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау облысының Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 мамыр күні «Менің атым – Ұзақбай» деп жырлаған ақын-жырау Ұзақбай Қазжанұлының 120 жылдық мерейтойына орай «Он екі баптан үлгі алған»республикалық ақындар мүшәйрасының марапаттау кеші өтті.    Мүшәйраның мақсаты - ақын-жырау Ұзақбай Қазжанұлыныңжауһар жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Байқауға қатысушы ақындар ұсынылған 3 (үш) тақырыпта өз туындыларын жолдады:

1)  Ұзақбай ақынға арнау өлеңі;

2)  Маңғыстау тақырыбында;

3)  Еркін тақырыпта.

Республикадан 40-қа жуық ақын қатысып, 7 жүлдегер анықталды.

 

  Байқау қорытындысы:

  Бас жүлде – ДҮЙСЕНОВ Еділбек (Маңғыстау облысы);

  І орын – ОРАЗ Абай (Қарағанды облысы);

  ІІ орын – АЙТМАҒАНБЕТОВ Асхат (Ақтөбе облысы);

  ІІІ орын – ТӨЛТАЙ Файзулла (Жамбыл облысы);

  Ынталандыру – ӘЛІШЕР Әлімжан (Оңтүстік Қазақстан облысы);

  ҒИЛЫМХАН Марлен (Батыс Қазақстан облысы);

    НҰРҒАЛИЕВ Балтабек (Астана қаласы).

  Жүлдегерлер Басқарманың арнайы дипломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.


Ақпараттық ресурстар