«Қазақ әліпбиін латын әрпіне көшіру» мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Елбасының 12.04.2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 20.04.2017 жылғы № 17-01-38.24 бұйрығымен бекіттілген «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ағымдағы жылдын 18 мамыр күні облыстық әкімшілік ғимаратында Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі, «Маңғыстау мұғалімі» газетінің бас редакторы Ванов Қуантқан Рзаұлының ғылыми еңбегінің «Қазақ әліпбиін латын  әрпіне көшіру» мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқандар: Маңғыстау облысының тідерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Төлеуғалиева Гүлзайда Бектұрқызы, Маңғыстау облысының білім басқармасының орынбасары Мамаева Гүлмира, Ш. Есенов атындағы КМТИУ «Педагогика» факультетінің деканы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Көшімова Бибатпа, «Тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Адамбаева Гүлбаршын, Филология ғылымдарының кондидаты «Шет тілдер» кофедрасының доценті Қонысбаева Сәния, Маңғыстау облыстық біліктілік арттыру институты Мұра-Т (таңба, тарих, таным) қоғамдық бірлестігінің төрағасы аға әдіскер Ақмырзаев Мұрат Өлкетанушы Еділхан Алқажан, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі» педагог Қаражанов Қойлыбай, Маңғыстау облысының ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Тоқжанов Орынбасар,«Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мамандыры Жусупова Роза, Қамысбаева Гаухар, IT маманы Күштібай Абылай, Шетел тілдер, Маңғыстау туризм, Каспий өңірі «Болашақ» колледждерінің ағылшын пәнінің мұғалімдері және студенттері қатысты.


Ақпараттық ресурстар