«Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты фотосуреттер мен құжаттар көрмесі

Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің қорларында сақталған деректі құжаттар мен фотосуреттер негізінде 2017 жылдың 29 мамыр күні Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында «Зұлмат жылдар жаңғырығы»аттыфотосуреттер мен құжаттар көрмесі ұйымдастырылды.

  Елбасының Жарлығымен1997 жылдан бастап, «31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып жарияланып, жыл сайын жазықсыз жапа шеккен Қазақстандықтарды жалпыға бірдей еске алудың ресми күніне айналды.    

Мұрағат қызметкерлері алғашқылардың бірі болып, бұқаралық ақпарат құралдарында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 206 Маңғыстаулықтардың тізімін жариялады. Сондай-ақ осы деректер 1998 жылы жарық көрген «Азалы кітапқа» енгізілді.

Бүгінгі ұрпақ, тәуелсіздіктен кейінгі буын өкілдері, Егемендіктіңқандай жолмен келгенін білуге тиіс. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалардың бірі  – қарапайым халықтың жандарын пида еткен тауқыметті, қуғын-сүргін жылдары тарихымызда мәңгі сақталып қалады. 


Ақпараттық ресурстар