• Басқы бет
  • Құжаттар
  • Қаулы жобалары
  • Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 57 «Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және  спорт  министрлігінің

2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамызда № 238 «Мұрағат  анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2828 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қазандағы № 176-177 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

атауы жаңа редакцияда жазылсын:

«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;

«Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

2.  «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.Б. Төлеуғалиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3.  Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің  орынбасары М.К. Скаковқа жүктелсін.

4.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі  Е. Тоғжанов


Ақпараттық ресурстар