«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows

және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!

Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej


Ақпараттық ресурстар